Каспий теңізінің жағалауында

21.09.2018

22 қыркүйекте «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде (Ақтау қ.) Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін VI халықтың спорт Ойындарының бағдарламасындағы үстел теннисі бойынша турнир басталады. Астана, Алматы, Шымкент, 11 облыс өз өкілдерін Каспий теңізінің жағалауына жіберді, олар жеке-командалық жарыстарда сайысқа түседі. Халықтың спорт Ойындарына қатысушылардың арасында танымал кіші ракетка шеберлері де бар, олар Тимур Келбұғанов (Алматы), Денис Жолудев (Өскемен), Самат Бейсенов (Алматы), Наталья Сладкова (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Астана), Айя Әлімбаева (Алматы), Диас Сәрсембаев (Ақтөбе), Валентина Успанова (Алматы), Бекұлан Жамал (Шымкент), Әсем Өтепова (Ақсу) және басқалары.

Талап Қойбағаров