Каирде (Мысыр) 20 елдің спортшыларының қатысуымен үстел теннисінен «WTT Youth Contender Cairo» халықаралық турнирі өтуде. U17 жас санатында 14 жастағы қарағандылық Мария Лукьянова (жаттықтырушысы Александр Брижевский) сәтті өнер көрсетті, ол үшінші орын алып, қола жүлдеге ие болды.
Ол Марием Диаллоны (Сенегал) 3:0, Фарида Омарды (Мысыр) 3:2, Дарина
Абделсаламды
(Мысыр) 3:0, Есения Широкованы (Ресей) 3:2 ұпайларымен жеңіп, ал жартылай финалда Таня Мориске (Алжир) 1:3 есебімен жол берді.
Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров

