Жаттықтырушылар, спортшылар, команда өкілдері, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстанның он өңірінен келген қонақтар 23, 24, 25 мамырда Шымкентте өткен Ақпан Батырды еске алуға арналған үстел теннисінен III-ші турнирді ұйымдастырушыларға "өте жақсы" деген баға берді. Матчтар шешуші жеңіс ұпайларына дейін қызықты және өте тартысты өтті.
Ұлдар 2001 ж.т. - 2007 ж. т.
1 орын Шохрух Искандаров (Ташкент облысы);
2 орын Әмір Торғайбеков (Қарағанды);
3 орын Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы).
Қыздар 2001 ж.т. - 2007 ж. т.
1 орын Ангелина Романовская (Павлодар облысы);
2 орын Арай Әшкеева (Қарағанды);
3 орын Хуснора Иминова (Ташкент облысы).
2008 жылы туған және одан кіші ұлдар.
1 орын Қасым Нұрислам (Шымкент);
2 орын Темірбек Нұрманов (Ташкент облысы);
3 орын Мұхаммедәли Құрбантаев (Шымкент).
2008 жылы туған және одан кіші қыздар.
1 орын Әсел Еркебаева (Ташкент облысы);
2 орын Виктория Мочалкина (Қарағанды);
3 орын Малохат Давронова (Андижан).
Талап Қойбағаров