ITTF World Tour Grand Finals мәресіне жетті

19.12.2017

17 желтоқсан күні Астана қаласында үстел теннисінен Seamaster 2017 ITTF World Tour Grand Finals мәресіне жетті. 14 желтоқсан күні басталған әлемдік дәрежедегі байрақты бәсеке 17 желтоқсанға дейін 4 күнге созылды. Аталмыш спорт түрінен ТМД елдер арасында Астана қаласы тұңғыш рет өткізіп отыр.

Жарыстың жеңімпаздары келесідей:

- әйелдер арасында жұптық разряд бойынша - Чэнь Мэн и Чжу Юйлинь (Қытай)

- әйелдер арасында жекелей разряд бойынша - Чэнь Мэн (Қытай)

- ерлер арасында жұптық разряд бойынша - Масатака Моридзоно и Юя Ошима (Жапония)

- ерлер арасында жекелей разряд бойынша - Фань Чжэньдун (Қытай)

Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Томас Вайкерт Қазақстанға жарысты жоғары дәрежеде өткізгені үшін алғысын білдірді.

«Гранд-финал әлемдік сериясы – біз үшін өте маңызды жарыстардың бірі әрі бірегейі. Дәл осы жарысты Қазақстанда өткізгенімізге еш өкінбейміз. Себебі, барлығы біз ойлағандай өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Астанаға тағы да оралатынымызға сенімдіміз. Астана – үздіксіз дамып келе жатқан жас қала. Мұнда халықаралық стандарттарға сай спорт кешендері мен талапты топ және сіздердің талантты спортшыларыңыз Кирилл Герасименко ITTF-тің Қазақстанға қайта оралуына негіз бола алады»-дейді, ITTF Президенті Томас Вайкерт.

2017 жылғы Гранд финал Қ.К. Тоқаев басқарып отырған Қазақстан үстел теннисі федерациясының арқасында және Халықаралық үстел теннисі федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 4 күн бойы әлем көз тіккен Астанамызда үстел теннисінің барлық жұлдыздары, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпиондары қонақта болды. «Дәулет» спорт кешенінен 17 халықаралық телеарна 40-тан астам әлемге тікелей көрсетілім жасады. Әлемнің 60 миллионға жуық халқы тікелей кішкентай теннис шеберлерінің ойынын тікелей эфирден тамашалады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының Президенті Томас Вайкерт Астанада өткізілген турнир осы уақытқа дейін өткен Гран финалдар ішінде ұйымдастырылуы жағынан ең үздік финал болғанын, жалпы жүлде қорының 1 000 000 $ болғаны рекордтық баға болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ITTF әлемдік турнирде қолданылыған барлық заманауи жабдықтарды алғыс ретінде Астанаға тапсырды. Қазақстан үстел теннисінің бас хатшысы Данияр Абулғазин атап өткендей, Гранд финалдың елімізде өтуі – Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына үлкен қадам, жастар арасында осы порт түрінің насихатталуына қосылған үлес. Үстел теннисімен айналысатын Қазақстанның түкіпр -түкпірінен 300-ден астам жас спортшылар мен жаттықтыруышлар гранд-финалды тамашалауға Астанаға келді. Сонымен қатар, көрермендер арасында үстел теннисінің ардагерлері табылды. Алдағы уақытта Қазақстан үстел теннисі федерациясы, оның президенті Қ.К. Тоқаевқа үстел теннисінің дамуы жолында үлкен жобалар мен атқарылатын маңызды шаралар жүктелген.