(ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясы коронавирустық індет әкелген жаңа шындықтағы жарыстарды өткізудің ресми хаттамаларын әзірлеуге кірісті. Әрине, олар бірнеше рет өзгереді, өйткені әртүрлі елдердегі және әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жағдай да әртүрлі болуы мүмкін, бірақ алғашқы үлкен құжат ITTF ресми сайтында жарияланды.
Құжаттың негізгі тұстары келесідей:
- ұйымдастыру комитеттеріне маскаларды кию, әлеуметтік қашықтық,
регламенттерді сақтау ережелері бойынша жауапкершілік жүктеледі;
- барлық қатысушылар коронавирусқа жаңа (4 күннен артық
емес) теріс тест ұсынулары керек;
- спортшылар күн сайын өз температураларын өлшеп, адамдар
көп жиналатын жерлерден аулақ болу, қоғамдық көлікті пайдаланбаулары керек;
- турнир кезінде барлық қатысушылар әр үш күн сайын тестен
өтеді және аренада қатаң ережелерді сақтауға міндетті болады. Олардың тәртіп бұзушылықтары
жарыстан шығаруға себеп болуы мүмкін;
- ұйымдастырушы ареналарды, жаттығу залдарын және қонақ үйлерді
тазалық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуі керек: оның ішінде
дезинфекция, санитайзерлер, клининг;
- кейбір ережелер ойын жабдықтарына да әсер етеді - мысалы,
доптарға дем алуға қатаң тыйым салынады. Жаттығу алаңдарындағы үстелдер
бір-бірінен алыс қашықтықта тұруы керек;
- көрермендерді қабылдау медициналық ұйымдармен кеңескеннен
кейін және гигиена мен отырғызу ережелерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін
болады;
- баспасөзге, ресми тұлғаларға, суретке түсірушілерге және
демеушілерге рұқсат беру шектеулі болады және тек аккредитация бойынша жүзеге
асырылады;
- көпшілікті толғандыратын мәселе: ойыншыларға, әрине,
маскасыз ойнауға рұқсат етіледі, бірақ олар оны аренаға шыққан кезде ғана алып
тастай алады және ойын аяқталғаннан кейін қайта киюге міндетті болады.
Қалай болғанда
да, алғашқы маңызды құжат дайындалды, ол турнирлерді өткізудің барлық қырларын
егжей-тегжейлі сипаттайды және қауіпсіздікке қатысты барлық сәттерді мұқият қамтиды. Бұл дегеніміз, жақын арада Халықаралық Федерация жаңа турнирлердің басталғаны
туралы жариялай алады, әрине, біз мұны асыға күтудеміз!
Талап Қойбағаров ITTF материалдары бойынша