ITTF сәуір айының рейтингін жариялады және "тоқтатты"

20.04.2020

Халықаралық үстел теннисі федерациясы ойыншылардың кәсіподағымен және ITTF бөлімімен кеңескеннен кейін спорттық турнирлерді қайта бастағанға дейін әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингісін "тоқтату" туралы шешім қабылдады. Бүгін жарияланған деректер бірнеше ай бойы күшінде қалады.

Ерлер арасындағы ең мықты үштіктің қатарында тек қытайлықтар Фан Жэндонг, Сюй Синь және Ма Лонг. Әйелдер көшбасшысы Чен Мэн (ҚХР), екінші орында Мима Ито (Жапония), үшінші орында Сунь Йинша (ҚХР).

Жаңартылған рейтингте қазақстандық теннисшілер келесі орындарды иеленеді: Кирилл Герасименко 46, Айдос Кенжеғұлов 375, Бекұлан Жамал 377, Анастасия Лаврова 165, Зәуреш Ақашева 170, Гүлчехра Құсейінова 273.

Талап Қойбағаров