ITTF болашақ Әлемдік Ардагерлер Турын құлағдар етті

10.07.2018

Бірінші Ардагерлер әлем чемпионаты 1982-жылы шведтің Гетеборге қаласында өткен болатын, және онда 400 адам қатысқан еді. Жақында ғана Лас-Вегастағы аяқталған осы жылғы чемпионатында қазірдің өзінде 4000 қатысушы болды, оларға үш жүзге жуық үстелдер қажет болды. Әлбетте осындай жарыстарға қызығушылық жарысқа қатысушылардың және көрермендердің арасында өте өсті. Ірі оқиғаларға сұраныс ардагерлер арасында үлкен, ал ұсыныс оны қуып жетуге әлі қабілетті емес. Әр жыл сайын кем дегенде шын мәнінде бір ірі турнир немесе әлем чемпионаты, немесе Еуропа чемпионатыөтеді; тағы бірнеше ірі халықаралық жарыстар бар, алайда қалған оқиғалар жеткілікті жергілікті сипатта болып келеді – кейде олар көбінесе шын мәніндегі тартысты бәсекелестік күреске қарағанда ностальгиялық атмосферамен және достық ара қатынасты алып жүреді. Мұның барлығын бірге – атмосфераныда, және бәсекелестік рухтыда - өте жақын арада біріктіріп көретін болады. Халықаралық Федерацияның атқарушы вице-президенті Джеймс МоррисITTFқамқорлығымен Әлемдік Ардагерлер Турықұрылатыны туралы айтты. «Бұл тұжырымдама әлемдік спорт ардагерлеріне жоғары деңгейлі жарыстарға жиірек қатысуға және өз әріптестері мен достарын жиі көріп тұруға мүмкіндік береді. Жақын арада мұның бәрі шындыққа айналады деп маған сіздерге айтуым мен үшін өте қуанышты», деді Моррис.

Шынымен де – аталмыш турнир бірден көптеген адамдардың тілектерін біріктіруге мүмкіндік береді. Біріншіден жоғары дәрежеде ойын көрсететін спортшылардың үлкен тобы, өзінің спорттық мансабын кәсіби жарыстарда бүкіл әлем бойынша ұзарта алады. Бірақ бұрын кәсіби түрде ойын көрсетпеген екінші санаттағы спортшылардың түрі бар. Олар үшін қырық жаста спорттық өмір енді ғана басталуда, және олар үшін мұндай турнирлер жарыстың нағыз рухының дәмін тартуға мүмкіндік береді, қатысушылардың халықаралық құрамын көруге, әлемдік үстел теннисінің аңыздарымен шайқасқа түсуге болады, және кім біледі, мүмкін тіпті ұтып алған медальдерінің қуанышын сезінуге де болатын шығар. Кез келген жағдайда, жас ерекшелігі бұл жағдайда өзіндік «теңестірілу» рөлін ойнайды, қашанда жеңуге деген мүмкіндік барлығында болған кезде, бұл тек турнирге деген қызығушылықты арттыра түседі – ал оның дәлелдігін сол Лас-Вегастағы чемпионаттың өзі көрсеткен болар. Тек сауатты түрде барлығын ұйымдастыру ғана қалды.

ITTF материалдары бойынша