Итальяндық Линьянода 30 елден келген спортшылардың қатысуымен «WTT Youth Contender Lignano» үстел теннисінен халықаралық жастар турнирі өтуде.
U13 жас санатында Қостанайдан келген Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) Виктория Тамини (Италия) 3:0, Диана Бурлак (Румыния) 3:0, Майя Павел (Италия) 3:0, Алисса Йенг (Австралия) 3:0, Кармен Гомес (Испания) 3:0-мен жеңіп, финалда Каэдэ Нэядан (Жапония) 1:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров

