Италияда үшінші орын

23.10.2026

30 елдің спортшылары итальяндық Линьянода өтетін "WTT Youth Contender Lignano" үстел теннисінен халықаралық жастар турниріне қатысады.

U11 жас санатында қостанайлық Дагир Данияров (жаттықтырушы Гаип Данияров) қола жүлдеге ие болып, келесі нәтижелерді көрсетті:

Мартино Рота (Италия) 3:1, Сантьяго Кьеричини (Италия) 3:0, Баттиста Сберна (Италия) 3:0, Сюй Чуньшунь (Қытайлық Гонконг) 1:3.

Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров