Пладжа-де-Арода (Испания) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі өтуде және 13 жасқа дейінгі жас санатында Жания Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) чемпион атанды. Алтын медальға жету жолында ол Италия, Испания, Венгрия, Германия, Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңді. Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров