Ислам Ынтымақтастығы Ойындары

08.08.2022

Түркияның Конья қаласында 5-ші Ислам Ынтымақтастық Ойындары өтіп жатыр, онда 58 елден келген спортшылар 27 спорт түріне қатысады. Екі күндік ойыннан кейін жалпы есепте Қазақстан құрамасы (үш алтын, бір күміс, үш қола) көш бастап тұр, екінші орында БАӘ (екі алтын, бір күміс), үшінші орында Өзбекстан (бір алтын, екі күміс, екі қола). Үстел теннисі бойынша турнирде Денис Жолудев (Өскемен), Алсу Сапарова (Орал) алдын ала кезеңнен сенімді өтіп, финалдық сегіздікке шықты.

Талап Қойбағаров