Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ерік Есенов - Ұлытау облысы үстел теннисі Федерациясының төрағасы болып сайланды.
Ерік Есенов: "Облыс жаңа,
2022 жылғы 8 маусымда құрылған. Үстел теннисіндегі істермен мұқият таныстым.
Бізде екі секция жұмыс істейді: Жезқазған қаласының "Спортты дамыту орталығында"
және Сәтбаев қаласының "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде".
Статистикаға сәйкес, үстел теннисімен 300-ден астам адам айналысады, оның 50-і
кәсіби түрде, төртеуі жаттықтырушы. "АК" (Жезқазған қ.) және
"Oina tennis" (Сәтбаев қ.) әуесқой клубтары жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда біздің спортшыларымыз Қазақстан
Республикасының жасөспірімдер, жастар, ұлттық құрама командаларының құрамында
жоқ.
2023-2027 жылдар
аралығында екі спорт шеберін, үш спорт шеберіне үміткерді және 5 адамды елдің ұлттық
құрамаларының тізіміне дайындау міндеті қойылды.
Қажетті құрал-жабдықтарды, мүкәммалды сатып алу, сондай-ақ
Қазақстанның басқа өңірлерінің командаларымен матчтық кездесулер және ОЖЖ өткізу
жоспарлануда. Іске сыбанып кірісеміз".
Талап Қойбағаров