Жоғарғы лигада үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының финалдық, қорытынды IV айналымы Алматыда басталды. Бүгін, ойналған үш турдан кейін жеңіліссіз келе жатқандар "Ардагер" (Алматы), "Хван Ман-Гым-2" (Өзбекстан), "Жолбарыстар" (Масаншы), "Мартөбе № 12 БЖСМ" (Шымкент) және интернационалдық "Sigma" (Шымкент), ол клуб үшін өнер көрсететіндер Әзірбайжан Кубогының иегері Назакят Гараева (суретте), Өзбекстан чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері Кәмила Халикова, Розалина Қажиева (жаттықтырушысы Александр Бельский, Украина).
Талап Қойбағаров