"TTC Karaganda" кәсіби клубын белгілі ойыншы және жаттықтырушы Игорь Рубцов (Мәскеу) басқарды – ол 2007 жылғы Ресейдің жеке разрядтағы чемпионы, Францияның екі дүркін чемпионы. Ресей ұлттық құрамасында 2002 жылдан 2012 жылға дейін өнер көрсетті, 2014 жылдан 2017 жылға дейін Ресей Федерациясы құрамасының екінші жаттықтырушысы болды. Әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші - 53.
Сұрақ: Игорь
Александрович, Ермек Қытаевты еске алуға арналған халықаралық турнирінде Қазақстандықтардың
шеберлік деңгейі қалай?
Игорь Рубцов: Павлодарда
сіздердің мықты теннисшілеріңіз Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Денис
Жолудев болған жоқ, бірақ жоғары деңгейде ойын көрсететін 10-12 спортшыға назар
аудардым.
Сұрақ: қарағандылықтармен
танысып үлгердіңіз бе?
Игорь Рубцов: Иә, керемет спортшылар, физикалық, техникалық жағынан жақсы дайындалған. Теория, тактика бойынша әлі де жұмыс істеу керек. Мұнда мықты жаттықтырушылар ұжымы бар мен олармен ынтымақтастық өзара пайдалы деп санаймын. Міндеттер? Халықаралық аренада ойдағыдай өнер көрсету, Қазақстандағы көшбасшылық позицияны сақтау және нығайту.
Талап Қойбағаров