Гренцауға қарсы ойын Кирилл Герасименкоға байланысты кейінге қалдырылды

16.10.2024

Германия чемпионатында 24 қазанға жоспарланған "Вердер" (Бремен) және "Цугбрюке" (Гренцау) клубтары арасындағы матч 1 қарашаға ауыстырылды. Себебі?

"Вердер" көшбасшыларының бірі Кирилл Герасименко Монпельедегі 500 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры бар "WTT Champions" турнирінде өнер көрсетеді.

Францияның оңтүстігінде 22 және 27 қазан аралығында Уго Кальдерано (Бразилия), Лян Цзинкунь (Қытай), Лин Шидун (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Линь Гоаюань (Қытай), Томокази Харимото (Жапония), Лин Юн-Джу (Тайбэй), Данг Цю (Германия), Патрик Франциска (Германия), Трулс Морегард (Швеция) жоғары шеберлік көрсетеді.


Талап Қойбағаров