Қазақстанда (Астана) алғаш рет 1 миллион АҚШ доллары рекордтық жүлде қорымен үстел теннисі бойынша Гранд-Финал Әлемдік Тур басталды.
Бүгін алғашқы күні жарқын да қызыққа толы оқиғаларымен
басталды. Мәселен, шағын
ракетканың үздік шебері: Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі
дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының
жеті дүркін жеңімпазы, 2008 жылғы Олимпиадалық ойындардың командалық есебіндегі
вице-чемпион 36 жастағы Тимо Болль (Германия) өз ойындарымен қуантты.
Тимо Әлемдік Турда
алғаш 2001 жылы (осындай жеңістің барлығы 19) Бразилияда ұтып алды , ал 2005
жылы Гранд-Финал жүлдегері атанды. Тура 12 жыл өтті, Тимо Болль 4:2
есебімен жеңісті жалғастырды, жапондық Юя Ошима тізе бүкті.
Азияның қазіргі
кездегі чемпионы, әлемнің 6-шы ракеткасы Мию Хирано (Жапония) қиын да қызықты жекпе-жекте 3:4 Гу Ютиньнен
(Қытай) жеңілді, 15 000 $ жинақтады
және турнирден шығып қалды.
Ерлердің
жұп разрядында осы жылы Нью-Делиде, Дохада әлемдік турдың екі сатысын жеңіп
алған, Масатака Моризоно мен Юя Ошимаға (Жапония, әлемдік
рейтингте алғаш рет) барлық назар аударылған, Гранд-Финалда жеңістің қуанышын сезінген бұл
жалғыз жапондық дуэт. Астанада 14 желтоқсанда Моризоно мен Ошима өздерінің жерлестері Томоказу Харимото - Юто Кизукурилерден
(3:2) мықты болды және егер финалға шықса, онда әлемдік рекордты белгілейді - үш
жыл қатарынан шешуші матчқа дейін жетеді.
Турнир
айналым алуда, ертең теннис үстелінде 15.30-да Кирилл Герасименко (Қазақстан),
Томоказу Харимото (Жапония) кездеседі. Кирилге жеңіс тілейміз!
Суретте: Масатака Моризоно мен Юя Ошима (Жапония)