Гранд-Финал қорытынды сыншығарды

19.12.2017

Астанадаүстел теннисі бойынша жүлде қоры 1 000 000 АҚШ долларымен әлемдік тур Гранд-Финал аяқталды. Ерлер арасында Фан Жендонг (ҚХР), әйелдер арасында Чен Менг(ҚХР) чемпион болды. Ерлер арасындағы жұптық разрядта көзге түскендер Масатака Моризоно - Юя Ошима (Жапония), әйелдер арасында Чен Менг - Чжу Юлинь (ҚХР).Финалға жетіп екінші орын алғандар Дмитрий Овчаров (Германия), Чжу Юлинь (ҚХР),Гонконгтан ерлер жұбы Хо Кван Кит – Вонг Чун Тинг және Жапониядан әйелдер жұбы Хина Хаята – Ито Мима.

Қазақстан астанасы төрт күн әлемдік үстел теннисінің орталығы болды. «Даулет» спорт кешенінен 17 телеарналар тікелей репортаж жүргізді және әлемнің 40 елінен 60 миллионға жуық көрермендер шағын ракеткаменүздік шеберлердің жекпе-жектерін бақылады. Үстел теннисі Халықаралық Федерациясының (ITTF) Президенті Томас Вайкертатап өткендей, астанадағы Гранд-Финал ең үздік турнирдің бірі, ал жүлде Қоры рекордтық болды.

Биылғы турнирдіңқызықты фактілері.Гранд-Финалда ерекшеленген ерлер арасындағыжеңімпаз Фан Жендонг сегізінші қытай ойыншысыболды. Оған дейін осы титулды жеңіп алғандар Конг Лингхю, Лю Гуашенг, Ма Линь, Ма Лонг, Ван Хао, Ван Лигин және Сюй Синь.

Жапон жұптары Масатака Моризоно - Юя Ошимақазіргі сәтте әлемде ең шыныққан және жалғыз болып табылады, қазірдің өзінде үш жыл қатарынан финалға дейін жетті. 2015 жылы лиссабондық Гранд-Финал шешуші матчта жоғары сыныптағы жүлдені жеңіп алды. Дохада былтырғы жылы титулды қорғауға мүмкіндік болмады, ал Астанада олар чемпиондық титулды өздеріне қайтарып алды.

2018 жылғы 1 қаңтардан Чен Менгәйелдер арасындағы әлемдік рейтингті ресми түрде басқарады және ол әлемдік турдың Гранд-Финалында жеңімпаз атанған Қытай Халық Республикасының есебі бойынша 12-ші теннисшісі.

Осы жылдың қарашасында Швециядағы Ашық чемпионатта жапон жұптары Хина Хаята – Ито Мимақытай жұптары Чен Менг - Чжу Юлиньді жеңді. Міне, 17 желтоқсанда Қазақстанның астанасындабұлтартпайтын реваншболды, есеп 4:0.



Талап Қойбағаров, Астана қаласы