Гранд-Финал Инчхонде өтеді!

09.09.2018

Халықаралық Үстел Теннисі Федерациясы Әлем Турының Гранд-Финалы ойналатын орынды айқындады. Жүлде қоры (миллион доллар) болатын бірегей турнир Оңтүстік Кореяда, Инчхонда өтеді. Әлемдік Турдың кезеңдерімен таныс қала, тек осы қорытынды турдың оқиғаларын ғана қабылдамай, сонымен бірге дәстүр бойынша «Жыл Жұлдызы» рәсімін өткізетін болады, онда спортшыларға ең құнды жеке марапаттар табысталады.

Тікелей спорттық бөлігіне келетін болсақ, барлығы үйреншікті стилде өтеді. 16 мықты деген ерлер және әйелдер, Әлемдік Турдың арнайы рейтингісіне сай, өзара жоғары жүлделі төлемдер үшін және қашықтықтағы жылдың үздік ойыншысы атағына шайқасқа түсетін болады. Екі разрядтада оларға 8 үздік жұп қосылады. Көбінде қатысушылардың тізімі белгілі болып қойды, бірақ алдыда әлі екі кезең бар, сондақтан да көптеген нәрсе өзгеруіде мүмкін.

«Біз Инчхонды Әлемдік Турдың Гранд-Финалын қабылдайтын қаласы ретінде таныстырғанымызға бақыттымыз және осы тамаша жылды спорттық турнирлер тұрғысы жағынан қорытындылау мақсатында мүмкіндік алып отырмыз. Сондай-ақ бұл елге Пусанда өтетін2020– командалық Әлем Чемпионаты алдында тамаша тәжірибе болады», деп айтты ITTF президенті Томас Вайкерт. «Корейлер әлемдік деңгейдегі турнирді өте жақсы ұйымдастыра білетіндерін көрсетті, ал Оңтүстік және Солтүстік Корея бірігіп шыққан кезде, үстел теннисі бүтін ұлттарды біріктіруге қабілетті екендігін Инчхондағы кезең ерекше түрде көрсетті».

Және де «Жыл Жұлдызы» наградалар рәсімін көбі күтуде. Бұл жарқын оқиға үстел теннисі әлеміне дәстүрге айналды – ол алтыншы рет өтеді. Спортшыларға арналған нағыз «Оскар» Инчхондағы Гранд Хаятт жоғары деңгей қонақ үйінде өтеді, ерлер костюмдер, ал қыздар – әдемі көйлектер киеді, және барлығы тамаша 2018-жылда болған, тек жақсыны ғана естеріне алады.

Көп ұзамай жеңіске үміткерлер келесі номинациялары жарияланатын болады: ерлер және әйелдер «Жыл Жұлдызы», «Жылдың Жұлдызды Жаттықтырушысы», «Жылдың Жаңалығы», «Жылдың Таза Ойыны», «Жылдың үздік ұтысы», сонымен қатар «Жылдың ең үздік паралимпиада спортшылары». Ал біз күтүдеміз және күнтізбедегі : 12-ші желтоқсан күнін белгілейміз.


ITTF материалдары бойынша