«Google» және «Яндекс» демалады

17.06.2018

Алматыда оқу-жаттығу жиыны бағдарламасындатәжірибелі тәлімгер, Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығыменүстел теннисі жаттықтырушыларыныңекі күндік семинары басталды. Ол онда Астана, Алматы және облыстардан келген өз әріптестерімен «Google» және «Яндекс» іздеу жүйелерінде жоқ тәжірибесімен және ақпараттарымен бөлісті. Бірнеше мысал келтірейін:

- Дмитрий Левенко 14-жасар Томокази Харимото (Жапония) Жапонияда өткен Әлемдік Турды жеңіп алғанын және ненің есебінен, ол қазіргі заманның танымал ойыншылары, олимпиада чемпиондары Ма Лонга менЧжан Цзикені (Қытай) ұтып кеткені туралы түсіндірді;

- әлемнің бірінші ракеткасы қытайлық Фанг Жендонның сол жақтан, «үстелден», ортадан және алыс аралықтағы шыбуылдағы барлық іс-әрекеттерін егжей-тегжейлі талқылап көрсетті;

- Кэнта Мацудаираның ойын алаңында қалай жеңіл және тез қозғалатынын көрсетті. Жапондық ойнаған кезде, спортшы допқа емес, доптың өзі спортшыға қарай келе жатқан сияқты әсер туындайды, және онда оны Кэнта Мацудаира өзі күтіп тұратын сияқты;

- «Топ-спинның» (жоғарғы айналдыру арқылы күшті соққы) егерде әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Тимо Болл (Германия) сияқты дәлме-дәл орындайтын болса,қандай қауіпті қаруға айналуға мүмкін екенін айтты;

- барлық жаттықтырушыларды егерде алдына мақсат қойса, онда чемпионды өсіруге де және дайындауға да болатындығына сендірді. Әйгілі Ма Лонг бала кезінде өз замандастары арасында ерекше көзге түспеген және болашақ олимпиаданың үш дүркін чемпионы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы қасиеттерін көрсеткен емес. Алайда, қытайлық жаттықтырушылар одан үстел теннисінің жұлдызын жасаймыз деп шешті және олар оны істеді. Ал неге біз істей алмаймыз?

Өте қызықты, пайдалы, танымды жаттықтырушылар семинары жалғасуда.


Талап Қойбағаров