Герасименко – Скачков 2:0

24.08.2018

16 тамызда үстел теннисінен өткен Болгарияның Ашық чемпионатында финалдың 1/16 бөлігінде қазақстандық Кирилл Герасименко 4:3 есебімен ресейлік Кирилл Скачковты жеңіп кеткен болатын. 7 күннен кейін Оломоуц қаласында Чехияның Ашық чемпионатында тағыда финалдың 1/16 бөлігінде екі Кирилл кездесті. Егер Болгарияда Скачков қуып жетуші рөлінде болса, ал кеше Герасименко жеңіске деген жігерін танытты - 0:1, 1:3 және қорытынды есеп 4:3. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Тағыда Скачковқа қарсы өте ауыр матч. Біздің спортшымыз ол екі сеттегі өзінің есесін жіберіп алғаннан кейін, сетболдары бола тұрып (сетбол – бұл партиядағы жеңімпазды анықтайтын ұтыс ойыны) рухы құламадыҚысқасы, бір апта бұрынғы сияқты ресейліктің өзі қалтырап қалды. Матчтан кейін біз бірден жаттығу залына барып сол жақ топсын жаттықтырдық, себебі ол бұл матчта өте сенімсіз қызмет көрсетті. Келесі матчта сол жақтан көбірек сапаға қол жеткіземіз деп үміттенемін».

Суретте Кирилл Герасименко және Дмитрий Левенко




Талап Қойбағаров