Көкшетауда Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пактың Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен қызметтік кездесуі өтті, облыс әкімі өз сөзінде, өңірде олимпиадалық және жалпыға қолжетімді спорт түрін ойнағысы келетін адамдар санының өсіп келе жатқанын айрықша атап өтті. БЖСМ-де үстел теннисінің бөлімшесін ашу, стационарлық зал, Taraflex еден жабынын сатып алу және Ақмола облысында үстел теннисін дамыту бойынша бірқатар тақырыптар талқыланды.
Талап Қойбағаров