Францияда Алан Құрманғалиев жартылай финалға шықты

29.04.2024

Мец қаласында (Франция) үстел теннисінен «WTTYouthContender» халықаралық турнирі өтті. 19 жасқа дейінгі қазақстандық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы Эльмира Алиева) үшінші орынды иеленді. Оның шабуылының алдында Иван Кан (Голландия) Ронд Брент (Голландия), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) қарсы болған жоқ. Жартылай финалда Алан жапондық Юхи Сакайдан 1:3 есебімен жеңілді.

Талап Қойбағаров