Физикалық жаттығулар көптеген дәрі-дәрмектерді алмастыра алады

27.03.2020

Коронавирустың таралуын қалай тоқтатуға болады? Үйден сирегірек шығу, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу, қолды жуу, үй-жайды желдету және ең бастысы спорт туралы ұмытпау керек. Пандемия кезіндегі ең жақсы шешім ол барлық жаттығуларды үйге көшіру болып табылады, оны кадеттер арасындағы Сербияның ашық біріншілігінің алтын жүлдегері, қыздар арасындағы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үстел теннисінен ел құрамасының мүшесі 15 жасар Сарвиноз Мірқадірова (жаттықтырушылары Евгений Тимченко, Рустам Мірасланов) көрнекті түрде көрсетті (бейнетаспа). https://www.instagram.com/p/B-Ma5wgnCay/

Және тағы да: "физикалық жаттығулар көптеген дәрі-дәрмектерді алмастыра алады, бірақ әлемде бірде-бір дәрі-дәрмек физикалық жаттығуларды алмастыра алмайды" (Анджело Моссо, итальян физиологы).

Талап Қойбағаров