Финалды күтеміз

06.02.2019

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Спартакиадасының бағдарламасындағы үстел теннисінен турнир аяқталып келе жатыр, онда командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер, сонымен қатар жеке, жұптық және аралас разрядтардағы барлық қола жүлдегерлер анықталды. Көзге түскендерді естеріңізге сала кетейік.

Командалық турнир. Ерлер.

1 орын – Астана

2 орын – Шығыс Қазақстан облысы

3 орын - Алматы және Шымкент

Командалық турнир. Әйелдер.

1 орын – Қарағанды облысы

2 орын – Батыс Қазақстан облысы

3 орын – Алматы және Шымкент

Жеке турнир. Ерлер.

3 орын – Тимур Келбұғанов (Алматы) және Бекұлан Жамал (Шымкент)

Жеке турнир. Әйелдер.

3 орын – Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) және Гүлчехра Құсейінова (Батыс Қазақстан облысы)

Аралас разряд.

3 орын – Тимур Келбұғанов – Анель Бақыт (Алматы) және Бекұлан Жамал – Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент, суретте)

Жұптық разряд. Ерлер.

3 орын – Денис Жолудев – Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) және Алексей Мищук – Константин Бондаренко (Павлодар облысы)

Жұптық разряд. Әйелдер.

3 орын – Мәлика Ілхамжанова – Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) және Гүлчехра Құсейінова – Гаухар Алмағамбетова (Батыс Қазақстан облысы).

5 ақпанда финалдар, онда 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Спартакиадасының барлық чемпиондары анықталады.

Ал бүгінгі күн несімен есте қалды?

-16 жастағы Ырысбек Артұқметов (Шымкент) аралас разрядтағы ерлер финалына шығып Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады;

-Қарағандылық жұп Зәуреш Ақашева – Наталья Шумилова төртінші партияда Сарвиноз Мірқадірова – Мәлика Ілхамжановадан (Шымкент) 0:8 есебімен ұтылып жатқан болатын, алайда кездесу барысын өз пайдаларына қарай өзгертіп 11:8 есебімен жеңіске жетті;

- Біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко және ел чемпионы Анастасия Лаврова (Астана) шешуші 5-ші партияда Тимур Келбұғанов – Анель Бақытқа (Алматы) 6:10 есебімен ұтылып жатқан болатын және тек қола жүлдемен де қанағат ететіндей жағдайда болатын. Өздерін рухтандырып, шеберлік танытып, жеңіске жетті.

Финалды күтеміз!




Талап Қойбағаров