Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазиннің бұйрығымен спорт директоры лауазымына Темирлан Ескендиров тағайындалды.
Т.К. Ескендиров Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, 27-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың қатысушысы, командалық есепте Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы, "ТОП-12" мықтылары жасөспірімдер турнирінің күміс жүлдегері, спорт шеберіне үміткер.