Ақтауда Қазақстан ұлттық командасы мен "ОТМК" үстел теннисі клубының (Орал тау-кен металлургия компаниясы, Екатеринбург қ.) бірлескен оқу-жаттығу жиыны аяқталды (ОЖЖ). Жасөспірімдер мен кадеттер бойынша біздің құраманың аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко әңгімелейді:
"Мұндай жоғары деңгейдегі ОЖЖ Маңғыстау облысында алғаш
рет өткізіліп отыр. Танымал ресейлік спортшылар Данил Травин, Артур Абусевті,
біздің теннисшілеріміз, үстел теннисін сүйетіндер бұрын тек интернеттен көрген,
ал әлемнің вице-чемпионы, аты аңызға айналған Патрик Бауммен (Германия) кездесу
туралы тек армандай алар едік.Міне, бәрі Ақтауда. Теннис орталығындағы тамаша
жағдайлар, жақсы үстелдер, керемет жұмыс атмосферасы, жаттығу барысын қатысқан
жанкүйерлердің қол шапалақтауымен аяқтады. ОЖЖ кезінде мен Маңғыстау облысының
50-ден астам спортшыларымен және олардың жеке тәлімгерлерімен күнделікті жаттығулар
өткіздім, оларға білім мен тәжірибе бердім.
Жиын соңында ресейлік команданың жаттықтырушысы Станислав
Злобин, ОТМК-ның жұптас-жаттықтырушысы Патрик Баум (Германия) маңғыстаулық
спортшыларға, мамандар мен әуесқойларға шеберлік сабағын өткізді. Ақтау Қазақстан
үстел теннисінің тағы бір орталығына айналатынына сенімдімін".
Талап Қойбағаров