Ресейдің Орынбор қаласы үстел теннисінің орталығында Ресей Федерациясының бұрынғы үкімет төрағасы Виктор Степанович Черномырдинді ардагерлер арасында еске алу турнирі өтті. Оңтүстік Орал, Башқұртыстан, Татарстан және Қазақстан Республикасынан келген 100-ден аса спортшылар бағалы силықтар, кубоктар мен жүлделерді сарапқа салды. Біздің елдің намысын үш теннисист қорғады, алайда тек Рамазанұлы Мақатай (Ақтау,жасы 60+) 2 орын алып жеңіс тұғырына көтерілді. Орынборлық спорт шебері Иван Семенов чемпион атанды, қола жүлде УФА- дан келген спортшы Леонид Константиновқа бұйырды, Күбеген Саламатов (Ақтөбе, 40+) төртінші орынды алды, ал Нақып Мәмбетов (Ақтөбе, 50+) он бірінші болды.Мақатай Рамазанұлының пікірінше турнир өте жоғары дәрежеде өтті. Біз білетін Ресейдің үстел теннис Орталығы, Еуропадағы ең үлкен орталық, оның базасында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, ал жергілікті клуб «Факел Газпром» - Еуропаның Супер кубогын иеленуші,Еуропа чемпиондар Лигасының төрт дүркін жеңімпазы, Ресейдің жеті дүркін чемпионы, үш рет РФ кубогының иегері.