Еуропаға теннис иммиграциясы

04.08.2019

Қазіргі әлемде жетекші спортшылар шетелдік клубтармен келісім-шарттарға қол қойып, үй ошағынан шығып, өз мансабын жаңа орында жалғастырған жәйттар үйреншікті болды. Мұндай иммиграциядан барлығы ұтады: атлеттер мықты командада шеберліктерін арттырады; жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілерін босатып, олардың жетістіктеріне қуанады, өскелең ұрпаққа үлгі етіп қояды; ақырында, ірі жарыстарда сол "шетелдіктер" осы елдің құрамында өнер көрстекен кезде сол елде бірге қуанады. Қазақстандық кіші ракетканың шеберлері де шет қалмады. Кирилл Герасименко бремендік "SV Werder Bremen" клубымен (Германия) келісімшарт жасасты. Айдос Кенжеғұлов австрияның Штоккераунда қалып, "Badener Ac tischtennis" клубы үшін өнер көрсетуде. Ал жақында Зәуреш Ақашева польшаның «ATS east rent Białystok» (Белосток қ.) клубының құрамында жаттығуына кірісті.

Зәуреш Ақашева: "Бәрі жақсы, достықпен қарсы алды, тұрмыста, поляк тілін үйренуге көмектесуде. Бірден жұмысқа кірістім. Бірінші жаттығу 8: 00-ден 11: 30-ға дейін. Қарқынды жаттығу, жүгіру, қозғалысқа арналған жаттығулар. Содан кейін үстел үстінде 20 минут жаттығу, тұрақтылыққа 3 міндетті тапсырма, 10 минуттық үзіліс және тағы 3 тапсырма. Екінші жаттығу 14:00 - ден 16:30-ға дейін өтеді және екі бөлікке бөлінген-біріншісі: жүгіру жаттығулары, үстел, ойын жағдайларымен тапсырмалар; екіншісі: жылдамдыққа дене дайындығы. Жаңа клубта дағдыланудамын".

Суретте «ATS east rent Białystok» теннисшілері Моника Терешкевич пен Зәуреш Ақашева




Талап Қойбағаров