Таллинде «Estonian Open» атты халықаралық турнирі басталды, онда Алжир, Дания, Германия, Исландия, Израиль, Қазақстан, Қытай, Латвия, Ливан, Польша, Чехия, Швеция, Франция, Финляндия, Эстонияның үстел теннисі шеберлері қатысады. Бүгін командалық жарыстар өтіп күміс жүлдені интернационалдық құрама Қазақстан-Польша жеңіп алды, оның құрамында Зәуреш Ақашева, Габриэл Дышкевич, Моника Терешкевич болды. Құттықтаймыз! Енді Зәуреш жеке турнирде өнер көрсететін болады.
Талап
Қойбағаров