Ешкім жол бергісі келмеді

01.03.2020

Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт кешені өз алаңында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қатысушыларын қабылдауда. Бүгін бірінші күнгі жарыс көшбасшыларының кездесуі өтті, онда қостанайлық "Шолақ-Терек" шымкенттік "Sigma" - мен шайқасты. Кездесу қызу өтті, ешкім жол бергісі келмеді:

Дастан Кенжеғұлов («Шолақ-Терек») - Илья Исаков («Sigma») 3:2.

Илья Жидков («Шолақ-Терек») – Антон ЕстефейкинSigma») 2:3.

Сағантай Құрмамбаев («Шолақ-Терек») - Илья ИсаковSigma») 1:3.

Дастан Кенжеғұлов («Шолақ-Терек») – Бақдәулет ӘкімәлиSigma») 3:1.

Жұптық разряд.

"Шолақ-Терек" (Илья Жидков, Сағантай Құрмамбаев) - "Sigma" (Антон Естефейкин, Бақдәулет Әкімәли) 3:1. Қарсыласудың жалпы есебі 3:2 және алты ойында алты жеңіспен қостанайлықтар турнирлік кестені басқарды. Олардың артында "Жетісу "(Алматы облысы), "Sigma" (Шымкент), «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Greenwill» (Ақтөбе), "Хван Ман-Гым" (Ташкент облысы, Өзбекстан), Қарағанды, "Жолбарыстар" (Масаншы, Жамбыл облысы), "Рой клуб" (Бішкек, Қырғызстан), ОРДО (Шымкент) командалары келе жатыр. Алматыда павлодарлықтармен қатар ел чемпионаты өтіп жатыр, бірақ Жоғарғы лигада. Онда ерлер мен әйелдер клубтары бір-бірімен бәсекелесуде, олардың барлық саны 19. "Мартөбе № 12 БЖСМ" (Шымкент), Қостанай және "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан) клубтары жеңіліссіз келе жатыр.


Талап Қойбағаров