Ешкім жеңілгісі келмеді

24.11.2022

Санжар Жұбанов (Алматы), Александра Смирнова (Қарағанды), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) командадағы әріптестерімен бірге өз құрамаларын осы күндері Өскемен үстел теннисі орталығында өтіп жатқан ел жастар чемпионатының финалына шығарды.

Матчтар қызықты, әсерлі және қарқынды болды – ешкім жеңілгісі келмеді. Бүгінгі жартылай финалдың жеңімпаздары 24 қарашада алтын медальдар үшін таласады, ал жеңілгендер құрмет тұғырының үшінші сатысына көтеріледі.

Ұлдар, үшінші орын:

- Қарағанды облысы (Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Зиеджон Нұрматов, Асылхан Мағзұмбеков, Райымбек Келбұғанов);

- Жамбыл облысы (Ескендір Харки, Абдұл-Мәжіт Харки, Мүслім Харки, Темірлан Әбіл, Нұрасыл Мұхат).

Қыздар, үшінші орын:

- Алматы (Гузель Торшаева, Айназ Әділгереева, Ирина Гончар, Камилла Авзалова, Айша Меңдіғалиева);

- Астана (Алиса Цвигун, Елена Зубкова, Елизавета Лаврова, Алтынай Ержанқызы, Нұрсая Нұрман). Чемпионат қызу жүріп жатыр.

Талап Қойбағаров

Сурет Ксения Коновалова