Жеті жеңіс және бір ғана жеңіліс – осындай нәтижемен Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Айя Әлімбаева, Гүлчехра Құсейінова және жаттықтырушы Дмитрий Переверзев Орынбор қаласынан қайтып келе жатыр, олар «Астана» командасының құрамында Ресей үстел теннисі Федерациясы Суперлигасының екінші туры чемпионатында ойын көрсеткен болатын. Жарыстың соңғы күні біздің команда испанияның «Vermut Miro Ganxets» (Реус қ.) командасын 3:0 есебімен жеңіп кетті және «МФНТ-Кадет» (Мәскеу қ.) командасынан 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің пікірі: «Жеті рет жеңіске біз сабырлы, сенімді түрде жеттік және есеп 3:0, 3:1. Бүгін мәскеуліктермен өткізген ойын ынталы, ұзақ, қызықты болды. Зәуреш Ақашева кездесу барысында сетте 0:2 есебімен ұтылып жатқан болатын, бірақ 3:2 есебімен жеңіске жетіп және бізге жақсы бастама бастап берді. Настя Лаврова шықты. Дұрыс ойын көрсетті, оның қарсыласы партияларда алдыда болған жоқ еді, бірақ ойын соңында Настя қарапайым қателіктер жіберді және 3:0 орнына біз 0:3 есебіне ие болдық (барлық сетте артық-кем емес). Үшінші болып Гүлчехра Құсейінова шықты. 0:2 есебімен жеңіле бастады және мен онымен үзіліс кезінде шындап сөйлестім, оған жігер бердім, сол сәттен бастап ол ойын алаңында жүгіре бастады, айғайлады және осы ойынды өзіне қарай тартып алды, 3:2. Біз ойында алдыға шықтық 2:1. Тағыда ойынға Настя шықты, сеттерде көш бастап 2:0 есебімен «Астанаға» жалпы жеңіс беру қолынан келіп еді.Үшінші сетте қарсыласын толықтай қысымға ала алмады және барлығы ауысып кетті. Шешуші партияда 8:10 есебімен жеңіліп жатты, есепті теңеді, екі рет алдыға қарай сытылып шықты, бірақта өкінішке орай ойын нәтижесін өз пайдасына шеше алмады. Жалпы есеп 2:2 болды, ал бесінші ойында Зәуреш күйіп кетті және мәскеулік ойыншыдан жеңіліс тапты. Өкінішті жеңіліс 2:3.
Келесі қорытынды. Барлық
біздің қыздар нысанында, лайықты ойын көрсетті. Гүлчехра 100 пайыздық жеңіс
көрсеткішін көрсетті. Бір ойында Зәуреш жеңіліс тапты, Настяда үш жеңіліс бар.
Айяда бір жеңіс және бір жеңіліс бар. Барлық теннисшілерге алғыс айтамын, олар
қолдарынан келгенше күресті, оң нәтиже көрсетті.
Біз бірінші маусым ресейлік Суперлигада
ойын көрсеттік және 16 команданың арасында әзірге бесінші орында келе жатырмыз.
Желтоқсандағы «Finlandia open»халықаралық турнирі, АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының
спорт кешеніндегі оқу-жаттығу жиыны өз жемісін беруде. Қазақстан
командасының ресей чемпионатында ойын көрсетулері үшін шешім қабылдаған
Қазақстан үстел теннисі Федерациясының басшылығына рахмет. Біз мықты
қарсыластармен жарысудамыз, әртүрлі ойын стильдеріне қарсы тұруды үйренудеміз
және бәсекелестік кезінде өз шеберліктерімізді арттырудамыз».