Есеп 2:1 Өзбекстанның пайдасына

06.11.2019

Алматыда үстел теннисінен "Алтын күз" дәстүрлі халықаралық турнирде қыздар арасында медальдар сарапқа салында, және үш жастық топтың екеуінде Өзбекстан спортшылары жеңімпаз атанды. 2017 жылғы аралас разрядтағы Өзбекстанның чемпионы, "Шаңыраққа жол 2018" турнирінің жеңімпазы Әсел Еркебаева 10-жастағы спортшылар арасында ерекше көзге түсті. 2005-2006 ж. т. қыздар арасында өткен жылғы "Алтын күз" турнирінің алтын жүлде иегері Согдиана Ибадұллаева үздік атанды. Екі алтын медальға өзбек теннисшілері 9 жасар Аружан Камалова жеңіп алған бір қола жүлдені қосты. "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) спорт клубының жаттықтырушылары Әлия Исмаилова мен Анвар Кәрімовты шәкірттерінің табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз.

Әлия Исмаилова: "Біз "Алтын күздің" дәстүрлі қатысушыларымыз және бұл турнир біз үшін жас спортшыларды үлкен биіктерді бағындыруға дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады. Алматыда жарыс әрдайым жақсы деңгейде өтіп тұрады және Өзбекстан жастар құрамасының барлық мүшелері "Алтын күз" арқылы өтті. Турнирге өркендеуді тілеймін".

Әлішер Яқұпбаев, "Карвен" спорт клубының жаттықтырушысы (Бішкек, Қырғызстан): "Алтын күз" - балалар үшін тамаша жарыс, онда үш жас тобындағы ұлдар мен қыздар өздерінің теннис дағдыларын тексеріп, бағалайды. Менің оқушым Рамида Абдимиталипова 2018 жылдағыдай күміс медаль иегері атанды. Алматыда бұл "Алтын күз", "Шаңыраққа жол" атты турнирлері бар болғаны тамаша және біздің спортшылар Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркменстанның қарсыластарымен ойындарда өз шеберліктерін арттырады.

2005-2006 ж. т.

жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1 орын Согдиана Ибадұллаева (Өзбекстан, жаттықтырушылары Әлия Исмаилова, Анвар Кәрімов);

2 орын Екатерина Пюрко (Петропавл);

3 орын Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды).

2007-2008 ж.т.

1 орын Альбина Жақсылықова (Қарағанды, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева);

2 орын Рамида Абдимиталипова (Қырғызстан);

3 орын Әлина Шайхина (Нұр-Сұлтан).

2009 ж. т. және одан кіші

1 орын Әсел Еркебаева (Өзбекстан, жаттықтырушылары Әлия Исмаилова, Анвар Кәрімов);

2 орын Дарья Фу (Қарағанды);

3 орын Аружан Камалова (Өзбекстан).

"Алтын күз" турнирі жалғасуда және сайысқа ұлдар түседі.


Суретте Әсел Еркебаева (1 орын), Согдиана Ибадұллаева (1 орын), Аружан Камалова (3 орын) - Өзбекстан теннисшілері


Талап Қойбағаров