Ерлер қуаты, әйелдер әсемдігі

03.03.2019

Алматыда Жоғарғы лиганың 14 командасы арасында үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионаты басталды, онда ерлермен қатар әйелдер де сайысқа түседі. Солай, "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург), "Хван Ман Гым-2" СК (Өзбекстан), "Мартөбе-БЖСМ-12" (Шымкент) клубтары үшін тек қыздар ойнайды. Бүгін алғашқы үш турдан кейін біздің қонақтарымыз чемпионаттың жаңа форматы туралы өз әсерлерімен бөлісті: "ОТМК-Резерв" клубының жаттықтырушысы Сергей Хонин және Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шебері Кәмила Халикова.

Сергей Хонин: «Біз қазақстандық чемпионатқа қуана қатысамыз, онда мықты, жарқын командалар көп. Әйелдер әсемдігі мен сұлулығына қарсы ерлер күші жарысқа ерекше салтанаттылық береді. Жыл бойы төрт айналым өткізіледі және жас спортшылар тамаша ойын тәжірибесін алады, халықаралық аренада табысты өнер көрсету үшін тәжірибе жинақтайды. «ОТМК-Резерв» қыздары 15 ақпаннан бастап Алматыда жиында болды сондықтан да чемпионатта 4:0 есебімен жеңіл түрде сынға түсті, «Юность» (Алматы) командасын жеңді, «Rozeno» (Ақтау) командасынан мықтырақ болды 4:3 және «Мартөбе-БЖСМ-12» (Шымкент) 4: 1».

Кәмила Халикова: «Мен Қазақстанда жиі қонақ болып тұрамын, «Оңтүстік Астана» халықаралық турниріне үнемі қатысамын. Теннисші ұлдар теннисші қыздармен сайысатын Чемпионат ерекше және қызықты. Егер бұрын маған тек екі-үш маңызды матч ойнауға тура келсе, бұл Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Наталья Сладковаға қарсы, бүгін маған «Жолбарыстар» (Масаншы) клубының жасөспірімдері тарапынан күшті қысым түсті. Мұндай ауыр жекпе-жектер шеберліктің одан әрі өсуі үшін өте пайдалы».

Бірінші ойын күнінен кейін «Ардагер» (Алматы), «Қарағанды-Астана», «Жолбарыстар» (Масаншы), "Қазаэронавигация" (Астана), «ОТМК-Резерв» (Екатеринбург) командалары жеңіліссіз келеді.




Талап Қойбағаров