28, 29 ақпан аралығында және көктемнің алғашқы күні Алматыда Жоғарғы лиганың 19 командасы арасында үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді. Қатысатындар: «ОТМК-Резерв» (Екатеринбург, Ресей), «Хван Ман-Гым-2» (Ташкент облысы, Өзбекстан), «Риха» (Бішкек, Қырғызстан), «Ардагер» (Алматы), «Sigma» (Шымкент), «Юность» (Алматы), «Сұңқар» (Шымкент), «Мартөбе № 12 БЖСМ» (Шымкент), «Қарағанды-2», «Топжарған» (Шымкент), КНТ «Целиноград» (Нұр-Сұлтан), УПОР (Ақтөбе), «Қазаэронавигация» (Нұр-Сұлтан), Қостанай, Павлодар облысы, «Ертіс» (Павлодар), «Нұр-Сұлтан», «PRO100» (Алматы), «Жәйылма» (Қостанай).
Жоғарғы лиганың басты ерекшеліктерінің бірі - бұл жерде ерлер мен әйелдер
клубтары бір-бірімен бәсекелесе алады.
Талап Қойбағаров