Ерлер арасындағы ең мықты 10 ойыншы

28.08.2025

"WTT Contender Almaty 2025" халықаралық турнирінің ерлер арасындағы ең мықты 10 ойыншысын таныстырамыз, 2-7 қыркүйек.

- Дарко Йоргич (Словения) - Еуропаның үш дүркін чемпионы;

- Сора Матсушима (Жапония) - жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

- Шунсуке Тогами (Жапония) - ерлер арасындағы жұптық сында әлем және Азия чемпионы;

- Юта Танака (Жапония) - "WTT Feeder Cappadocia", "WTT Feeder Düsseldorf II", "WTT Contender Mendoza" халықаралық турнирлерінің жеңімпазы;

- Вэн Руибо (Қытай) - жастар арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы;

- Чжоу Цихао (Қытай) - командалық есепте Азия чемпионы;

- Сюэ Фэй (Қытай) - "WTT Contender Zagreb 2025" күміс жүлдегері;

- Хуан Ючжэн (Қытай) - юниорлар арасындағы 6 дүркін әлем чемпионы, "WJTTC-2024" абсолюттік жеңімпазы;

- Эдуард Ионеску (Румыния) - U19 юниорлар арасындағы Еуропа чемпионы;

- Флавьен Котон (Франция) - кадеттер арасындағы әлем чемпионы.


Тікелей эфирлер Qazsport телеарнасында және (WTT) World Table Tennis YouTube арнасында қолжетімді.

Халықаралық турнир Алматыдағы "ADD Ustel Tennis Ortalygy" - да (Нұркент ш / а, 14Б) өтеді.

Кіру ақылы, билеттер kino.kz. сайтында.