«Баянтау» Павлодар спорт сарайының залында 2004 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні медальдер жеке, жұптық, аралас разрядтарда ойнатылды және барлық финалдарға Қарағандының кіші ракеткасының жас шеберлері қатысты. Шахтерлар астанасы құрамасының жаттықтырушысы Татьяна Ким әңгімелейді: «Күн аралас жұптар арасындағы финалдардан басталды, Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) – Абдұл-Мәжіт Харки (Жамбыл облысы), Темірлан Ким мен Александра Смирноваға (Қарағанды облысы) қарсы. Оңтүстіктен келген спортшылар жиі-жиі шабуыл жасап, Абдұл-Мәжіт комбинацияларын мықты топ-спиндермен аяқтап тұрды, ал Сарвиноз темп қарқынын жақсы қолдады. Темірлан, Александра көп қателесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Қыздар
арасындағы жұптық жарыста Александра Смирнова – Мәлика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан)
және Сарвиноз Мірқадірова – Гюзель Торшаева (Маңғыстау облысы) алтын медальға таласты. Ойын қызу өтті, қыздар бірінші доп үшін күресіп, бір-біріне алға шығуға мүмкіндік
бермеді. Кім сапалы шабуылдаса, сол ұпай жинады. Есеп 3:2, Александра мен Мәлика
чемпиондар!
Жасөспірімдер
арасындағы финалдық жұптар Темірлан Ким, Алан Құрмангалиев (Қарағанды) – Абдұл-Мәжіт
Харки, Ерасыл Ғайнеденов (Ақтөбе облысы). Қарағандылықтардың орындауындағы
мықты топ-спиндер, ширатулар оларға чемпиондық атағын әкелді.
Бірінші орын үшін
матчта қыздар арасында бұрынғы қарсыластар Сарвиноз Мірқадірова мен Александра
Смирнова кездесті (суретте). Бірінші партияны Сарвиноз жеңіп алды. Екінші сетте ол сенімді түрде алға шықты,
бірақ ойынның ортасында өзіне босаңсуға мүмкіндік берді, сол сәтті Александра ұтымды
пайдаланды. Жақсы топ-спиндерді айналдырудың арқасында, Александра үшінші-төртінші
партияда жеңіске жетіп, Қазақстанның үздік теннисшісі атанды.
Темірлан Кимнің
мықтылығы мен Алан Құрманғалиевтің жылдамдығы финалда бір-бірін тапты. Екі спортшы да бірге жиі-жиі жаттығады, жұпта ойнайды, республикалық
турнирлерде өз өңірін лайықты қорғайды. Әдемі матч, әртүрлі стильдер, мықтылық
екі жағында да болды. Алан ұзақ ойындарда Темірланды 3:2 есебімен жеңді».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ұлдар.
1 орын Алан Құрманғалиев
(Қарағанды, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева)
2 орын
Темірлан Ким (Қарағанды)
3 орын Артем
Сипачев (Қостанай)
Қыздар.
1 орын
Александра Смирнова (Қарағанды, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева)
2 орын
Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент)
3 орын
Екатерина Пюрко (Петропавл)
Жұптық разряд, ұлдар.
1 орын
Темірлан Ким - Алан Құрманғалиев (Қарағанды, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева,
Татьяна Ким)
2 орын Абдұл-Мәжіт
Харки ( Жамбыл облысы) - Ерасыл Ғайнеденов (Ақтөбе облысы)
3 орын Нұрдәулет
Нұғай ( Орал) - Артем Сипачев (Қостанай)
Жұптық разряд, қыздар.
1 орын
Александра Смирнова (Қарағанды, жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) - Мәлика
Сандыбаева (Нұр-Сұлтан, жаттықтырушысы Серік Мырзаспаев)
2 орын
Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) – Гюзель Торшаева (Ақтау)
3 орын Жанерке
Көшкімбаева ( Қарағанды) - Екатерина Пюрко (Петропавл)
Аралас разряд.
1 орын Абдұл-Мәжіт
Харки (Жамбыл облысы, жаттықтырушысы Вангар Двумаров) – Сарвиноз Мірқадірова
(Шымкент, жаттықтырушысы Рустам Мирасланов)
2 орын
Темірлан Ким-Александра Смирнова (Қарағанды)
3 орын Алан Құрманғалиев
(Қарағанды) – Мәлика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан).
Талап
Қойбағаров