Енді біз сәтті өнер көрсетуді күтеміз

11.02.2023

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталуға жақын қалды. Біздің команданың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі:

"Оқу-жаттығу жиынының (ОЖЖ) мақсаты ойынның жалпы деңгейін арттыру және Германия, Португалия, Үндістан және Сингапурдағы WTT турнирлерінің сериясына дайындық болып табылады. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынының соңына қарай біз жүктемені біртіндеп төмендетіп, сынақ матчтарын жиі өткізіп, бөлшектерді пысықтадық. Аяқ жұмысының қарқынды жаттығуларының, жалпы дене дайындығының, төзімділіктің және ДКМ-де (доптың көп мөлшері) жұмыс істеудің арқасында біз физикалық және психологиялық тұрғыдан дайындалып, ойын деңгейінің жоғарылауына қол жеткіздік. Мұның бәрі жаттығулар мен матчтар туралы теориялық пікірталастармен қатар жүрді, күресті жүргізудің психологиялық аспектілерін қайталап, оны тактика мен стратегияға байланыстырдық. Осылайша, "ADD" орталығының керемет мүмкіндіктері толығымен жүзеге асырылды. Енді біз спортшыларымыздан сәтті өнер көрсетуді күтеміз".





Талап Қойбағаров