Үстел теннисінен Германия чемпионатының кезекті туры 26 қаңтарда өтті. «Werder» (Бремен) клубы 2018 жылғы Бундеслиганың жеңімпазы, 2019 жылғы Германия кубогының иегері, 2019 жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері «Liebherr» (Оксенхаузен) клубына «емтихан тапсырды».
Алаңға бірінші
болып бремендіктердің көшбасшысы Маттиас Фальк (Швеция, әлемдік рейтингте 8-ші)
шықты, ол Самуэль Кульчицкиді (Польша, әлемдік рейтингте 360-шы) 3:1 есебімен
жеңіп кетті.
Хунор Сеч (Румыния,
рейтингте 132-ші) командалық матчта есепті екі есеге арттыруға тырысты, бірақ
ол Панамерикалық ойындардың чемпионы, әлемнің 6-ракеткасы Уго Кальдераноны
(Бразилия) жеңуге әлі дайын емес еді, есеп 0:3.
Біздің Кирилл Герасименко (Қазақстан,
рейтингте 46-шы) Еуропа чемпионатының жүлдегері Симон Гозимен (Франция,
рейтингте 20-шы) шайқасты. Бірінші партия: Кирилл 8:5 есебімен алдыда келе
жатып, 9:11 есебімен жеңілді. Екінші партия: 1:4 есебімен ұтылып жатып, 12:10 есебімен
жеңді. Үшінші партия: 8:6 есебімен алға шықты, бірақ 8:11 есебімен жеңілді. Төртінші
партия: 11:9 еш қиындықсыз. Бесінші партия: Кирилл Герасименко 3:1 есебімен алға
шықты, содан кейін бастаманы жіберіп алып, қарсыласына шешуші сетті 5:11 есебімен
беріп қойды. Жалпы есеп 2:3.
Ары қарай, Маттиас
Фальк - Уго Кальдерано 3:0;
Хунор Сеч/Марсело Агирре - Симон Гози/ Самуэль
Кульчицки 3:2.
Нәтижесінде
«Werder» клубы «Liebherr» клубын 3:2 есебімен жеңді.
Талап Қойбағаров