Эмоциялық күй жақсарды

12.04.2020

7 сәуірде Халықаралық үстел теннисі федерациясының Атқарушы комитеті жұртшылықты Оңтүстік Кореядағы 55-ші командалық әлем чемпионаты ағымдағы жылдың күзінде 27 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетінін хабардар етті. Бұл жаңалық спортшыларды қажырлы жұмысқа, үй жағдайындағы жаттығуларын күшейтуге шабыттандырды, олардың ынталарын арттырып және эмоциялық күйлерін жақсартты. Бейнетаспада үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелері Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Сарвиноз Мірқадірова және Әнел Бақыт. https://www.instagram.com/p/B-2A0bnnFe-/

Талап Қойбағаров