Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясы конференциясының шешімімен - еңбек сіңірген спорт қайраткері Елсияр Қанағатов Федерацияның Вице-президенті лауазымына тағайындалды. Жалпы жиналыс барысында бұл шешім бірауыздан қабылданды.
"Үстел теннисі - еліміздегі ең қарқынды дамып келе
жатқан спорт түрлерінің бірі. Республикалық федерация балалар мен бұқаралық
спорт үшін де, еліміздің ұлттық құрамасы үшін де барлық жағдай жасауда. Біздің
спортшылар бізді халықаралық аренадағы нәтижелерімен бірінші жыл қуантып отырған
жоқ. Мұның бәрі Федерацияның бірлескен және қажырлы жұмысының көрсеткіші.
Мен өз үлесімді қосып, осы ауқымды қозғалыстың бір бөлігі
бола алатыныма өте қуаныштымын. Федерация президенті Данияр Әбілғазинге көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіргім
келеді. Біздің елімізде спортты дамыту әрқашан менің жұмысымның негізгі мақсаты
болды. Қазір тоқтап, қолда бар нәтижелерге қанағаттанатын уақыт емес, облыстық
және аудандық деңгейлерде бұқаралық және өңірлік спортты дамыту өте маңызды. Жақын
арада біз осы спорт түрі үшін көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыра аламыз
деп үміттенемін", - деп
түсіндірді Елсияр Қанағатов.
Елсияр Қанағатов - бұрын ҚР Туризм және спорт Вице-министрі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене тәрбиесі және спорт істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған Қазақстан Республикасының спорт қайраткері. 2018 жылдан бастап Елсияр Баймұхамедұлы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт департаментін басқарады.