Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, оның тәрбиеленушісі Алан Құрманғалиев "Aspire" спорт академиясында (Катар) Австрия, Үндістан, Нигерия, Португалия, Пуэрто-Рико, Франция әріптестерінің қатысуымен "ITTF High Performance Boys Training Camp" оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Сабақты Италиядан келген тәжірибелі тәлімгер Массимо Константини жүргізді. Эльмира Әлиева өз әсерімен бөлісті:
"Мен Массимоның басшылығымен өткен жиындарға төртінші
рет қатысып отырмын және әр жолы оның кәсіпқойлығына тәнтімін! Ол спортшылар
мен жаттықтырушылар үшін жағымды достық атмосфера жасайды. Спортшыларды ойын
стиліне, мүмкіндіктеріне қарай үстел теннисінің қыр-сырына үйретеді. Сабақтарда
негізінен тактикалық комбинациялармен, допты бақылаумен, доп берумен жұмыс
істедік. Біз мұндай жиындардан көптеген пайдалы нәрселерді аламыз. Өз кезегінде
мен әлемдік деңгейдегі жас жігіттердің дайындық деңгейін көрдім, әрі қарай не
істеуіміз керек екенін білемін".
Суретте Эльмира Әлиева мен
Азия үстел теннисі одағының президенті Халил Әл-Моханнади.
Талап Қойбағаров