"WTT Сontender Almaty" аяқталды, бірақ "ADD" үстел теннисі орталығы бос емес - ол жерде Қытайдағы әлем чемпионаты, Грузиядағы, Черногориядағы халықаралық жарыстар алдында Қазақстан спортшыларының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева әңгімелейді: "Жиындарды "WTT Сontender Almaty" турнирінен кейін бірден өткізудеміз. Біздің теннисшілеріміздің Қытай, Жапония, Корея, Тайбэй, Өзбекстан, АҚШ, Сауд Арабиясы, Еуропа елдерінен келген қарсыластарымен өткізген матчтарын мұқият қарап, барлығы өз күштеріне қарай ойнағандарын, яғни әлсіздерінен жеңілмегенін, мықтыларынан асып кетпегенін атап өткім келеді. Осындай халықаралық жарыстардан кейін алдағы уақытта табыстарға жету, жанкүйерлерді жеңістермен қуанту үшін не істеу керек, қандай қателерді жою керек екеніне қайта-қайта көз жеткізесің".
ОЖЖ - ға қазақстандықтармен
бірге АҚШ-тан тәжірибелі турнирлік жауынгер Людовик Гомбош қатысуда, ал көрші үстелде 2017 жылғы Азия чемпионы,
2016 жылғы Әлем кубогының иегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері,
2020 жылғы Олимпиада ойындарының командалық есептегі күміс жүлдегері атақты Миа Хирано (Жапония) екінші күні өздігінен
жаттығуда. Үлгі алуға тең келетін адам бар.
Талап Қойбағаров