29 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұлдары мен қыздары еліміздің жазғы Универсиада бағдарламасындағы үстел теннисінен командалық турнирді жеңіп алды.
Ұлдар.
1 орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Санжар Жұбанов, Есен Рамазанов, Рахат Полатханов, жаттықтырушысы Тимур Бейсәлиев;
2 орын Халықтар достығы университеті (Шымкент) - Сарвар
Ырысәлиев, Бекұлан және Еркебұлан Жамал, жаттықтырушысы Рахимжан Байжұматов;
3 орын Шымкент университеті - Сабыржан Аман, Нұрпейіс
Дарханбай, Бекзат Байзақ, жаттықтырушысы Жанболат Серімбетов.
Қыздар.
1 орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Айя Әлімбаева, Гаухар
Алмағамбетова, Айбану Нұранбай, жаттықтырушысы Қуаныш Жаркешев;
2 орын Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті - Зәуреш
Ақашева, Эльмира Кеңесбекова, Диана Даниярқызы, жаттықтырушысы Нұрсұлтан
Саликов;
3 орын Тараз өңірлік университеті - Сәуле Иманәли, Альбина Тұрар, Мәдина Мұқаш, жаттықтырушысы Игорь Пушкарь, Аршыдин Тохтыев.
Универсиада жеке турнирдегі матчтармен жалғасады.
Талап Қойбағаров