Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында бүгін командалық есепте Қазақстан жастар чемпионатының финалистері анықталды. Ұлдарда жартылай финалдық жекпе-жектер өте әсерлі, тартысты болды.
Шығыс Қазақстан облысы - Қарағанды облысы 3:2.
Қарағандылықтар 1:2 есебімен жеңіліп жатып, 2:2 есебімен қуып
жетіп, алайда 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Алматы - Жамбыл облысы 3:2.
Алматылықтар 2:1 есебімен алға шықты, жамбылдықтар 2:2
есебімен теңесті, бірақ республиканың оңтүстік астанасынан келген спортшылар
матчты жеңіске дейін жеткізді.
25 сәуірде ШҚО және Алматы құрамалары алтын медальдар үшін
күреседі.
Қыздар, жартылай финал.
Алматы - Түркістан облысы 3:0
Қарағанды облысы - Астана 3:1.
Матчтар қызықты болды, бірақ чемпионаттың фавориттері өз деңгейлерін
растады.
25 сәуір финал: Алматы-Қарағанды облысы.
Талап Қойбағаров