Еліміздің мықты командалары анықталды

07.04.2018

Ақтөбеде олимпиада резервін даярлау Орталығының спорт залында 2000 ж.т және одан да жас спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Алғашқы екі күн командалық турнирге берілген болатын және бүгін чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды. Қыздар арасында Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының құрамалары сенімді түрде финалға шықты, бірінші орын үшін матч өте тартысты және нәтижелі өтті.

ОҚО – Қарағанды облысы:

Сарвиноз Мірқадірова – Александра Смирнова 2:3

Озода Азатова – Арай Ашкеева 3:1

Таңшолпан Шапей – Жанерке Көшкімбаева 3:1

Озода Азатова – Александра Смирнова 1:3

Сарвиноз Мірқадірова – Арай Ашкеева 3:0.

Жалпы матчтық есеп 3:2 Оңтүстік-Қазақстан облысының құрамасы чемпион атанды (жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Миряқұб Мирасланов). Күміс жүлде қарағандылықтарда (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский), қола жүлде алматылықтарда Әнель Бақыт, Дільназ Жүніс, Виктория Маркина, Сәбина Кәрімова (жаттықтырушылары Айман Оспанова, Александр Перевалов, Алексей Тимченко).

Жасөспірімдер арасында Шығыс-Қазақстан облысының теннисшілері топ жарды (жаттықтырушылары Ольга Архипова, Сергей Литвинов), олар финалда 3:2 есебімен Оңтүстік Қазақстан облысының қарсыластарын жеңіп шықты:

Сергей Коновалов – Бақдәулет Әкімәли 3:0

Сергей Коновалов – Ырысбек Артуқметов 3:1

Дарын Кеңесқанов – Нұрпеис Дарханбай 1:3

Сағантай Құрмамбаев – Бақдәулет Әкімәли 2:3

Сағантай Құрмамбаев – Ырысбек Артуқметов 3:1.

Қола жүлде чемпионат иелері ақтөбеліктерде Бейбола Сағын, Ибрагим Оспанов, Алексей Мостовой, Ерасыл Ғайнеденов (жаттықтырушысы Қуаныш Жүнельбаев).

Енді ел чемпионатының барлық қатысушылары жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарында ойнайды.


Талап Қойбағаров