Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің қолдауымен және тікелей қатысуымен кеншілер астанасында бірнеше айдан кейін халықаралық деңгейдегі үстел теннисі орталығы ашылады (суретте орталықтың жобасы). Бұл спорт түрінің жанкүйерлерінің бәрі осы аймақта заманауи мамандандырылған кешен пайда болатынына таң қалмайды. Қарағандылықтар осы спорт түрі бойынша көптен бері сенімді және лайықты түрде Қазақстанда көш бастап келеді. Өткен жылы ғана олар 16 халықаралық, 17 республикалық турнирлерге қатысып, 27 алтын, 26 күміс, 22 қола медаль жеңіп алды. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында Қарағанды өкілдері - 7, жастар құрамасында - 2, жасөспірімдер құрамасында - 9. Зәуреш Ақашева республикалық теннисшілер рейтингін бастауда, ал біздің ең жас спорт шеберіміз 13 жасар Алан Құрманғалиев 2019 жылы (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясымен "Hopes Week" әлемдік турнирінің үздік ойыншысы атанды. Үстел теннисі орталығында ITTF Әлемдік Турының жарыстарын өткізуге болатын жаттығу және ойын залдары болады.
Талап Қойбағаров