18 мамырда Қарағандыда Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорттық ойындары аясында үстел теннисінен турнир басталады, ол төрт жылда бір рет өткізіледі және биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылады. Жеке және командалық жекпе-жектерде біздің жетекші ракетка шеберлері Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Айдос Кенжеғұлов (БҚО), Ырысбек Артұқметов (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Санжар Жұбанов (БҚО), Сағантай Құрмамбаев (ШҚО), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Әнел Бақыт (Шымкент), Алсу Сапарова (БҚО), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Арай Әшкеева (Қарағанды), Алина Борисюк (Қостанай), Александра Смирнова (Қарағанды) және басқалары өнер көрсетеді.
Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жарыстар
көрермендерсіз өтеді.
Талап Қойбағаров