Ел чемпиондары спартакиаданы жеңіп алды

19.04.2018

Таразда үстел теннисі турнирінде оқушылар және Қазақстан Республикасы колледждерінің оқушылары спартакиадасы бағдарламасында бүгін командалық есепте алтын, күміс, қола жүлдегерлер анықталды. Алматы, Астана, республика облыстарының құрамалары үш топқа бөлінген болатын, әр топтың жеңімпаздары медальдар үшін сайысқа түсті.Өз топтарында 2-ші орын алған ойыншылар турнирдік кестенің 4-ші ден 6-шы позициясында сайысқа түсті, ал қалғандары 7 ден 10-ға дейін өз ойындарын көрсетті. Қазақстанның 2018 жылғы 2000 ж.т және одан да жас аралығындағы (чемпионат 10 сәуірде Ақтөбеде аяқталды) қазіргі чемпиондары Оңтүстік Қазақстан облысының теннисшілері бүкіл турнирде өте жақсы ойын көрсетіп, спартакиаданы лайықты түрде жеңіп алды. Финалда 3:0 есебімен Сарвиноз Мірқадірова, Озода Азатова, Таңшолпан Шапей, Айжан Ораловалар өз араларында екінші орынға сайысқа түскен Алматы және Павлодар облысының командаларын ұтып алды. Осы ойындағы шешуші қарсыластық, осы санаттағы Қазақстан құрамасының көшбасшылары Ангелина Романовская (Павлодар облысы) және Анель Бахытттың (Алматы) кездесуі болды. Тағыда, республика чемпионатындағы сияқты бес партия ойналды, бірақ Ақтөбеден айырмашылығы, мұнда жеңіске Ангелина жетіп (3:2) өз командасына күміс медальды алып берді. Алматыда қола медаль.

Жасөспірімдер арасында ел чемпионатының күміс жүлдегерлері Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Нұрпеис Дарханбай және Бекзат Байзақовтар сенімді түрде алдыңғы орынға шықты. Екінші орында жамбылдықтар, үшінші орында алматылықтар.

Ертең Спартакиада жеке есептегі, жұптық және аралас разрядтағы ойындармен жалғасатын болады.

Талап Қойбағаров