"ADD Ustel Tennis Ortalygy"-да (Алматы) 2012 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының мықты спортшылары және олардың арасында жақында аяқталған "WTT Youth Contender Almaty" халықаралық турнирінің жүлдегерлері Нурдаулет Азаматулы (Өскемен), Жания Бекмухамбетова (Қостанай), Злата Стадник (Қарағанды), Арайлым Сапабек (Астана), Каракат Мейрхан (Семей), Аделя Әлжанова (Қызылорда) қатысады.
Бүгін жарыстың бірінші күні командалық есепте медальдар үшін
күресті жалғастыратын ширек финалдық жұптар анықталды.:
Ұлдар.
Қарағанды облысы-Павлодар облысы
Қостанай облысы-Шығыс Қазақстан облысы
Астана-Ақтөбе облысы
Шымкент-Түркістан облысы
Қыздар.
Қарағанды облысы-Павлодар облысы
Астана-Түркістан облысы
Ақтөбе облысы-Маңғыстау облысы
Абай облысы-Шымкент









Талап Қойбағаров

